
Жаңбыров Рүстем Мақатұлы
Бас басқарма бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы әскерлер қызметі және әскери қызмет қауіпсіздігі басқармасының бастығы
Өмірбаян
Бас басқарма бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы әскерлер қызметі және әскери қызмет қауіпсіздігі басқармасының бастығы, полковник Жаңбыров Рүстем Мақатұлы.
1974 жылы 1 шілдеде Торғай облысы Державин ауданы Львов совхозында дүниеге келген.
1997 жылы С. Сейфулин атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген.
1998 жылы Ақмола өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағына қызмет атқаруға әскери қызметке шақырылды.
1998 жылдан 2008 жылға дейін Ақмола өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағында әскери полиция ротасының патрульдік-бекеттік қызметі бөлімшесі бастығының орынбасарынан бастап Жасақ әскери полиция бөлімінің бастығына дейін қызмет атқарды.
2008 жылдың қазан айында ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бөлімінің аға инспекторы (қауіпсіздікті қамтамасыз ету) лауазымына тағайындалды.
2010 жылдың ақпан айында қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетінде "әскери және әкімшілік басқару" мамандығы бойынша академиялық курстардан өтті.
2017 жылдың қыркүйегінде Бас басқарманың қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың тамыз айында ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары - әскерлер қызметі басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.



