Бакирбаев Ерік Нұрбақытұлы

    Шта бастығы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары

    Бакирбаев Ерік Нұрбақытұлы
    Первый заместитель начальника

    Бакирбаев Ерік Нұрбақытұлы

    Шта бастығы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары

    Өмірбаян

    Штаб бастығы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полковник Бакирбаев Ерік Нұрбақытұлы.

    1974 жылы 14 сәуірде Алматы облысы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.
    1989 жылы Алматы энергоқұрылысы техникумына оқуға түсті.

    1992 жылы мамырда Семей облысының Шаған қта. КСРО Қарулы Күштері қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылды.

    1993 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Рубцовск қаласындағы прапорщиктер мен мичмандар мектебінде оқыды.

    1993 жылы қарашада одан әрі қызмет өткеру үшін Приморск өлкесіне, Хорол қалашығына, күзет ротасы взводының командирі лауазымына тағайындалды.

    1994 жылдың тамызында әскери бөлімнің таратылуына байланысты запасқа шығарылды.

    1996 жылы мамырда Алматы қаласының Шекара әскерлерінің Әскери институтын (экстернмен) "жалпы әскери командир" мамандығы бойынша бітірді.

    1996 жылғы мамырдан 1998 жылғы қаңтарға дейін взвод командирі және 1998 жылғы қаңтардан 2000 жылғы қаңтарға дейін Алматы қ. 0111 ә/б Республикалық Ұлан үкіметтік күзет батальонының 3 рота командирі лауазымында қызмет атқарды.

    Әскери полиция органдарында қызметін 2000 жылдың мамыр айынан бастап Ақмола гарнизонының ӘПЖ-да кезекші бөлімнің аға инспекторы лауазымынан бастады.

    2002 жылғы қаңтарда ҚР ҚК Бас штабының коменданты лауазымына тағайындалды.

    2003 жылғы тамыздан бастап 2005 жылғы қазанға дейін коменданттық бөлім бастығы, бастығының ТжӘЖж орынбасары және Жасақ штабының бастығы лауазымдарынан өтті, ал 2005 жылғы қазанда Әскери полиция жасағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі күзеті бастығы лауазымына тағайындалды.

    2008 жылдың 26 қыркүйегі мен 19 желтоқсаны аралығында Германия мемлекеті, Гармиш-Партенкирхен қаласында орналасқан Джордж Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздікті зерттеу орталығындағы «Қауіпсіздікті зерттеу» көшбасшылық бағдарламасын тәмамдады.

    2011-2013 жылдары Ұлттық қорғаныс университетінде "әскери және әкімшілік басқару" мамандығы бойынша оқыды.

    2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың қыркүйегіне дейін Гвардейск қаласы 40-әскери базасында гарнизон коменданты лауазымында қызмет атқарды.

    2014 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың желтоқсан айы аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Әскери полиция жасағының бастығы лауазымында қызмет атқарды.

    2019 жылғы желтоқсанда штаб бастығы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері