Оразбаев Мақсат Жүнісәліұлы

    №5 Жаксығұлов сайлау округі бойынша мәслихат депутаты

    Оразбаев Мақсат Жүнісәліұлы
    Депутат маслихата

    Оразбаев Мақсат Жүнісәліұлы

    №5 Жаксығұлов сайлау округі бойынша мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Оразбаев Мақсат Жүнісәліұлы, 1981 жылғы 10 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Керейт ауылында дүниеге келді.

    Білімім жоғары.

    2004 жылы Семейдің мемлекеттік медицина академиясын "Педиатрия" мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2005 жылы ОҚО, Түлкібас ауданы, Састөбе поселкелік учаскелік ауруханасында педиатр дәрігері ретінде бастады.

    2007-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында емханалық педиатрия кафедрасының ассистенті, 2009-2011 жылдар аралығында Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасының желілік бригада дәрігері, 2011-2012 ж.ж. №1 Шымкент қалалық балалар ауруханасында педиатр қызметін атқарған.

    2012-2013 ж.ж. БҚО, Көп бейінді облыстық балалар ауруханасында қабылдау бөлімінің меңгерушісі, 2013-2017 ж.ж. ШЖҚ «Бәйтерек аудандық ауруханасы» МКК-да отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі, 2017-2020 ж.ж. ШЖҚ «Бәйтерек аудандық ауруханасы» МКК директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

    БҚО Денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылдың 20 қазандағы бұйрығымен ШЖҚ «Тасқала аудандық ауруханасы» МКК-на директор лауазымына тағайындалды.

    Жоғары санатты педиатр дәрігер, жоғары санатты неонатолог дәрігері, І санатты қоғамдық денсаулық сақтау ісінің маманы, ересектер кардиологы, балалар кардиологы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері