Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызы

    Мәслихат депутаты

    Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызы
    Депутат маслихата

    Бисенғалиева Жанар Нұрболатқызы

    Мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Бисенгалиева Жанар Нұрболатқызы -06.12.1974ж.

    Жоғары білімді

    1997 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын бітірген.

    Еңбек жолын Жәнібек ауданының «Ұзынкөл» ауылдық мәдениет үйінің әдіскері, аудандық МКҚК-ның директоры, Тасқала аудандық мәдениет үйінің әдіскері, Ақтау ауылдық округінің сүйелмедеушісі, «Тасқала аудандық мәдени демалыс орталығы» ММ-нің «Халық» театрының режиссеры қызметтерін атқарды.

    2010 жылдан Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры. Осы жылдар ішінде атқарған қызметтерін аудан тұрғындары жақсы біледі.

    Жанар Нұрболатқызының ықпалымен «Халықтық» атағына ие ұжымдардың саны артып бүгінде 10 халықтық, 2 үлгілі ұжымдар қызмет атқаруда, сахнада көрсетілген қойылымдардың репертуары жаңарып, облыс орталығы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры көрермендеріне қойылуда.

    Аудан тұрғындары Жанар Нұрболатқызын V-VI шақырылым депутаттығына сайлады.

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл, 25 жыл медалімен, ҚР- ның мәслихатына 20 жыл мерекелік медалімен марапатталды.

    Ол аудандық мәслихаттағы «Nur Оtan» партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы міндеттерінде атқарды.

    «Nur Otan» партиясы филиалы Саяси кеңес Бюро Қаулысының 2021 жылғы 13 қаңтардағы Қаулысымен VII шақырылым депутаттары атынан Бисенгалиева Жанар Нұрболатқызы аудандық мәслихат хатшысы болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері