
Жұбанышкалиева Люция Әсетқызы
Тасқала аудандық мәслихатының №3 Сәтпаев сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Жұбанышқалиева Люция Әсетқызы 18 шілде 1966 жылы Орал облысы Зеленов ауданы, II-Шежін ауылында дүниеге келді. Білімі-жоғары. 1981-1985 жылдары Орал педагогикалық училищесін, 1989-1994 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тамамдаған.
2000-2003 жылдар аралығында Тасқала ауданы әкімінің орынбасары, 2003-2005 жылдар аралығында облыстық білім басқармасының бас маманы, 2005-2007 жылдар аралығында Тасқала ауданы әкімінің орынбасары, 2007-2009 жылдар аралығында Тасқала ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2009 жылдан 2019 жылға дейін 10 жыл Тасқала ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. 2019 жылдың қараша айынан «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.





