
Алтаева Әлия Алмаханқызы
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы құқықтық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1968 жылы 30 қазан күні Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Свердловск механико-технологиялық техникумда, 2000 жылы Қазақстандық экономика және құқық институтында «Бухгалтер» және «Экономист» мамандықтары бойынша білім алды.
1985-1988 жылдары еңбек жолын Жалағаш кентінде Жалағаш элеваторында іс-жүргізуші қызметінен бастаған. 1990-1991 жылдары Жосалы астық қабылдау кәсіпорнында таразышы, 1991-1993 жылдары Қармақшы жол жөндеу-пайдалану басқармасында I-категориялы есепші, Қазақстан ЛЖКО Қармақшы аудандық комитетінің «Жастарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау орталығы» шағын кәсіпорнының бас есепшісі, 1993-1997 жылдары Жосалы кентінде мемлекеттік қаржы бақылау комитетінің Қармақшы ауданы бойынша бөлімшесінде бақылаушы-тексеруші, 1999-2003 жылдары «Көркейту» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, бас есепшісі қызметтерін атқарды. 2003-2004 жылдары облыстық ішкі саясат департаментінің ұйымдастыру, құқықтық-қаржы бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы, Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, 2005-2013 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауданы және экспортты дамыту және лицензиялау бөлімінің басшысы, 2014-2015 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг бөлімінің басшысы, орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдан бастап осы кезге дейін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының құқықтық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.





