
Юн Павел Викторович
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы оқу спорттық бөлімінің-басшысы
Өмірбаян
1986 жылы 30 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты: кәріс. Білімі жоғары. 1994 - 2005 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы № 23 орта мектебінде білім алды. 2005 - 2009 жылдары «Қаржы», 2011 - 2012 жылдары «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білімін жетілдірді. Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.
2011 – 2013 жылдары Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің әдіскері қызметін атқарады. 2013 – 2016 жылдары Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басққармасының оқу-спорттық бөлімінің бас маманы, 2016 бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу – спорттық бөлімінің басшысы қызмет атқарады.





