
Сихымов Ғалым Бітімбайұлы
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1974 жылы 29 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1990 жылы №12 І.Қабылов атындағы орта мектепті аяқтаған. 1990-94 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дене тәрбиесі мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап шыққан. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі төрешісі.
1994-97 жылдары Х.Бектұрғанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, ауыр атлетика бөлімшесінде жаттықтырушы-оқытушы болып қызмет атқарған. 1997-98 жылдары ҚР Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген. 1998-2001 жылдары Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт комитетінде, бас маман қызметін атқарған. 2001-2007 жылдары Қызылорда облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында, директордың спорт жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2007-2010 жылдары Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. 2010 жылдан бастап Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, бұқаралық спорт бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді. Осы еңбектері үшін бірнеше рет облыс және қала әкімдіктерінің, дене шынықтыру және спорт басқармасының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.





