
Кодарова Баянсулу Жасталаповна
Мәслихат депутаты
Өмірбаян
Мен, Қодарова Баянсұлу Жасталапқызы 1991 жылы 2 қыркүйекте Батыс Қазақстан Облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылында дүниеге келдім.
1998 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2009 жылы Қоскөл ЖОББ мектебін бітірдім.
2009 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-не оқуға түстім.
2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша білім алып, 2013 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ, «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығын «Үздік» дипломмен тәмәмдадым.
2018 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетіне «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсіп, 2020 жылы М.Өтемісов атындағы БҚУнің «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының ғылым магистрі дәрежесін алдым.
2013 жылдан бері Қоскөл мәдениет үйінде әдіскер қызметін атқарып келемін.
«AMANAT» партиясының мүшесімін.
Отбасылымын. Отбасымды 1 қыз, 3 ұл тәрбиеленуде.





