Мырзагалиев Амангельды Рахымович

    Мәслихат депутаты

    Мырзагалиев Амангельды Рахымович
    Депутат маслихата

    Мырзагалиев Амангельды Рахымович

    Мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Мырзагалиев Амангелди Рахымович 1968 жылы 12 маусымында Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Саралжын ауылында дүниеге келген.

    1985 жылы орта мектепті аяқтап, Орал сельхоз техникумын(СХТ), кейін Орал аграрлық техникумының бухгалтер- аудит бөлімін бухгалтерлік мамандығы бойынша аяқтады.

    1987 – 1989 жылдары Кеңес әскері қатарында болды.

    1997 жылы «Аманбол» шаруа қожалығын құрып, сол уақыттан бері ауыл шаруашылығын дамыту саласы бойынша жұмыс жасап келеді.

    2021 жылдан бері аудандық мәслихаттың VII шақырылымының депутаты.

    Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының «Золотой Фонд» медальімен, «Ұлт Даңқы» орденімен, ауданның 90 жылдығының, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығының» төс белгілерімен марапатталған.

    Амангелди Рахымұлы көптеген қоғамдық жұмыстарды атқарып отыр. Ауылымыздың дамуына өз үлесін қосып келеді. Ол «AMANAT» партиясының аудандық бөлімі саяси бюро, саяси кеңесінің мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері