Умурзаков Ермек Ерсайынович
Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бюджеттің атқарылуы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Умурзаков Ермек Ерсайынович 1984 жылы 28 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша, 2011 жылы - «экономика» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан өңірлік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Ермек» шаруа қожалығы басшысының орынбасары қызметінен бастаған. 2009 жылы Ұлан ауданының кәсіпкерлік бөлімінде іс жүргізуші, 2010 жылдан 2013 жылға дейін Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2013 жылдан 2014 жылға дейін Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі, 2014 жылдан 2020 жылға дейін Ұлан ауданының қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2020 жылғы 2 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бюджеттің атқарылуын талдау және есептілік бөлімінің басшысы болып тағайындалды.


