
Шахметова Асемгуль Сериковна
Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының мемлекеттік органдардың шығыстарын мониторингілеу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Шахметова Әсемгүл Серікқызы 1981 жылы 14 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы Большая Владимировка ауылында туған, ұлты –қазақ. 2003 жылы «Экономика және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша М. Әуезов атындағы Семей университетін бітірді.
Еңбек қызметін 2000 жылдан бастап Халық банкінің Бесқарағай ауданындағы филиалының бухгалтері лауазымынан бастады. 2002 жылдан 2004 жылға дейін «Бесқарағай ауданының қаржы бөлімі» ММ жетекші маманы, 2004 жылдан 2006 жылға дейін Бесқарағай ауданының әкімі аппаратында: бас маман – бухгалтер, бөлім бастығы, 2006 жылдан 2007 жылға дейін «Бесқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы, 2007 жылдан 2008 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының бас маманы, 2010 жылғы 2011 жылға дейін «Құрылыс басқармасы» ММ бөлім бастығы, «Шығыс Қазақстан облысының экономика бөлімі» ММ бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының мемлекеттік органдар, қорғаныс және құқықтық тәртіп шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы, 2019 жылғы тамыз айындағы мемлекеттік органдар, қорғаныс, құқық тәртібі және әлеуметтік сала мекемелерінің шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы, 2020 жылғы қарашадан бастап бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

