
Нуралдина Анар Калияхметовна
Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының қаржылық есеп бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Нуралдина Анар Калияхметовна 1974 жылы 11 маусымда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Семей Агробизнес колледжін «бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша, 2002 жылы «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Көкпекті аудандық білім бөлімінің хатшы-машинисткасы лауазымынан бастады. 2000 жылдан 2001 жылға дейін Шайжүнісов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі, әдістемелік кабинет статисті, Ұзынбұлақ орта мектебінің есепшісі, Көкпекті аудандық білім бөлімінің бас экономисі болып жұмыс істеді.
2003 жылдан 2005 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы коммуналдық меншік басқармасының бухгалтерлік есеп және бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді, алдымен жекешелендіру және мүліктік жалдау бөлімінің бас маманы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы, 2012 жылдан 2019 жылға дейін – бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы, 2019 жылдан 2020 жылға дейін бюджеттің атқарылуын талдау және есептілік бөлімінің бас маманы, ал 2020 жылғы 23 қарашадан бастап – есеп және қаржылық есептілік бөлімінің басшысы болып тағайындалды.