Құрманаев Зәкір Ғаниұлы

    №8 сайлау округі бойынша Мәртөк аудандық мәслихатының депутаты

    Құрманаев Зәкір Ғаниұлы
    Депутат маслихата

    Құрманаев Зәкір Ғаниұлы

    №8 сайлау округі бойынша Мәртөк аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1973 жылдың 1 наурызында Қызылорда облысы Шиелі қаласында дүниеге келдім.

    1980 - 1990 жылдар аралығында Шиелі қаласында №45 қазақ орта мектебінде білім алдым.

    1994-1997 жылдары сырттай Ақтөбе темір жол техникумын бітірдім.

    2002-2005 жылдары М.Тынышбаев ат. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын сырттай оқып бітірдім.

    Отбасылы жағдайым: отбасылымын, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеудемін.

    1990-1991 жылы Шиелі дайындау өндіріс бірлестігінде жұмыс істедім.

    1991-1993 жылдары Совет Одағы әскери қатарында болдым.

    1993-2001 жылдары Шиелі техника жөндеу мекемесінде слесарь-моторист болып жұмыс істедім.

    2002-2009 жылдары Алматы вагон жөндеу заводында инженер-технолог қызметін атқардым.

    2009 жылдан бері Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қарашай ауылдық округі, «Дина» шаруашылық қожалығын осы күнге дейін басқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері