
Айтқалиев Рашид Жолдығалиұлы
№1 сайлау округі бойынша Мәртөк аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1983 жылы 2 қарашада Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой елді-мекенінде дүниеге келген.
1990 жылы ауылдың қазақ-орыс орта мектебіне барып, мектепті 2000 жылы аяқтады.
2000 жылы Орталық Азия университетінің құқықтану бөліміне түсіп, 2007 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірді.
2012 жылы Ақтөбе құрылыс монтаж колледжінің «Газ жабдықтау жүйесімен жабдықтарды монтаждау және пайдалану» мамандығына түсіп,
2015 жылы газ обьектілері құрылғыларын пайдалану технигі біліктілігін алды.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Отбасылы, үш бала тәрбиелуде.
Еңбек жолын2006 жылы Ақтөбе қаласында «КазТрансГаз Аймақ»АҚАӨФ мекемесінде,үй іші газ жөндеу қызметінде теміршісі болып бастады.
2007-2009 ж.ж. – мастер жұмысшы қызметін атқарды;
2009-2015 ж.ж. – ішкі бақылау бөлімінің басшысы.
2015-2016 ж.ж. – «РЦКУ-Запад» ЖШС мекемесінің директоры.
2016 жылдан бастап «КазТрансГаз Аймақ»АҚАӨФ Мәртөк газ шаруашылығы мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.





