
Дияров Мейрхан Рамазанович
№7 сайлау округі бойынша Мәртөк аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Дияров Мейрхан Рамазанұлы 1991 жылы 1 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
1998-2007 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының №32 мектеп-гимназиясында оқыды.
Жоғары білімі: 2011 ж. - Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжін Техник - механик мамандығы бойынша бітірген.
2016 ж. - Қазақстан-Ресей Халықаралық университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2019 ж. - Мәскеу қаржы - өнеркәсіп университеті-Құқықтану мамандығы бойынша Магистрант.
2018 ж. - қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті-жергілікті атқарушы органның мамандығын бітірді.
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек қызметі:
06.02.2012-31.03.2013 Астана қ. жастар саясатын қолдаудың мемлекеттік қоры, ұйымдастыру бөлімінің маманы, Астана қ.
01.10.2013-10.11.2015, Астана қ., "Алматы ауданының әкімдігі" ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Астана қ.
30.12.2015-05.08.2016 " Ақтөбе қаласы қалалық әкімдігінің бас маманы.
01.09.2016-03.02.2017, РММ жабдықтау бөлімінің экономисі, ҚР ҚМ әскери ведомствосы 20015, жоспарлау-талдау бөлімінің офицері, Астана қ.
18.09.2019 - 10.05.2020 "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Ақтөбе қ.
12.05.2020 жылдан бастап "Ақжан-ПГС" ЖШС директоры болып жұмыс істейді.
Марапаттары:
2014 жылы Астана қаласының әкімі И. Н. Тасмағамбетовтың атынан Елорда күнін мерекелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хат алды.
2015 жылы Астана қаласының әкімі А. Р. Жақсыбекова Елорда күнін мерекелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хат алды.
2019 жылы Ақтөбе облысының әкімі О. С. Оразалиннің атынан облыстың қаржы секторына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.
2020 жылы Ақтөбе қаласы Ақтөбе қаласының 150 жылдығы белгісін қала әкімі М.Е. Абдулиннің атынан алды.





