
Депутат маслихата
Нұрсейтов Қайрат Болатұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1968 жылы 10 тамызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Ильич атындағы кеңшарда дүниеге келген.
1988-1992 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында және 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде «Зооинженер» мамандығы бойынша білім алған.
2013 жылдың наурыз айынан бастап «Ақжарма и К» шаруа қожалығының төрағасы және «Мақсат» шаруа қожалығының атқарушы төрағасы қызметтерін атқарады.
VIII шақырылған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





