Әбдікәрімов Шакизада Өтетілеуұлы

    Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты

    Әбдікәрімов Шакизада Өтетілеуұлы
    Депутат маслихата

    Әбдікәрімов Шакизада Өтетілеуұлы

    Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Әбдікәрімов Шакизада 1956 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

    1977-1981 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде оқып, «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған

    1981-1995 жылдары Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде әдеби қызметкер, «Байқоңыр» телекомпаниясында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор, төрағаның орынбасары; телекомпания төрағасы;

    1996-1997 жылдары «Қазақстан теледидары және радиосы» республикалық корпорациясының Қызылорда облысы және Байқоңыр ғарыш кешені бойынша меншікті тілшісі, республикалық «Дала дидары» газетінің облыс пен Қарақалпақстандағы меншікті тілшісі;

    1997-2003 жылдары Қызылорда арнайы экономикалық аймағы телекомпаниясының төрағасы, Қызылорда «Қоғам ТВ» телерадиокомпаниясы-ның құрылтайшысы;

    2004 жылдан «Қоғам газеті» ЖШС директоры қызметін атқарады.

    Қызылорда облыстық мәслихатының IV, VI, VII шақырылымдарының депутаты.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері