
Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы 1989 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Сексеуіл кентіндегі №177 қазақ орта мектебін бітірген.
2006-2007 жылдары «ЛСО» АҚ «Қазалы локомотив сервис орталығы» филиалының Сексеуіл өндірістік телімінде жылжымалы құрамының жөндеушісі қызметін атқарған.
2008-2011 жылдары И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінде оқып, «Тартқыш жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету»;
2011-2014 жылдары Д.А.Қонаев атындағы Көлік және Құқық Гуманитарлық Университетін оқып, «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша білім алған.
2011-2015 жылдары «ЛСО» АҚ «Қазалы локомотив сервис орталығы» филиалының Шиелі өндірістік телімінде ТҚК-2 жөндеушісі;
2014-2016 жылдары Қазақ қатынас жолдары университетінде оқып, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие болған.
2015-2016 жылдары «Локомотив» АҚ Сексеуіл локомотив пайдалану депосының ауысым шебері;
2016-2017 жылдары «Локомотив» АҚ Сексеуіл локомотив пайдалану депосының аға шебері;
2017-2019 жылдары «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ «ГП - Қызылорда бөлімшесі» филиалының қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бас маманы;
2019 жылдан бастап «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ «ГП - Қызылорда бөлімшесі» филиалының Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Қызылорда облыстық мәслихатының VIІ шақырылымының депутаты.
«AMANAT» партиясының мүшесі.





