
Ситказиев Берик Маратович
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Ситказиев Берік Маратұлы 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Кузнецов ауылында дүниеге келді. 2010 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін агроинженерия мамандығы бойынша бітірген.
01.10.2012-09.07.2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік техникалық инспекция бөлімінің жетекші маманы - мемлекеттік инженер инспекторы
18.07.2013-03.10.2013 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы
03.10.2013-12.01.2015 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімінің жетекші маман - мемлекеттік инженер инспекторы
12.01.2015-30.01.2017 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімінің бас маманы
30.01.2017-01.04.2024 ж.ж. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің басшысы
01.04.2024 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

