
Халиуллин Жасұлан Жолдыбайұлы
"Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысы
Өмірбаян
Халиуллин Жасұлан Жолдыбайұлы, 1985 жылы туған, білімі жоғары, 2006 жылы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетін экономист – бухгалтер мамандығы бойынша, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық қазынашылық бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
2006 - 2007 жылдары Батыс Қазақстан облысының Сырым аудандық қазынашылық бөлімінің бас маманы.
2007 - 2008 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бас маманы.
2008 - 2012 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бас маманы.
2012 - 2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бастығы.
2013 - 2015 жылдары Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің басшысы.
19.10.2015 жылдан Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.
30.09.2020 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы.

