Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары болмайды.

    «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЭфирде

    «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша анықтама 2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    10 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

    Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

    6 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мал азығын дайындау мәселелері бойынша брифинг өтеді

    18 тамыз күні сағат 10:30-да Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мал азығын дайындау жұмыстары туралы» тақырыбында брифинг өтеді. Брифинг барысында Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин 2026–2027 жылдардағы мал қыстағына дайындық жұмыстары, мал азығын дайындаудың қазіргі барысы және мал шаруашылығы құрылымдарын қажетті жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері туралы айтып береді. Сонымен қатар, мал азықтық дақылдардың егіс көлемін ұлғайту, суармалы мал азығын өндіруді дамыту, ауыл шаруашылығы құрылымдарын дизель отынымен қамтамасыз ету және қажетті мал азығы қорын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынылады.

    18 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Региональная служба коммуникаций Западно-Казахстанской области.
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 22 сәуір – 22 мамыр аралығында «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

    8 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс. Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады , сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек. Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады. С ыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған с ыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы № р /с Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 1 Ауыл шаруашылығы кооперациясы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстанады: бағдарлама аясында пилоттық ауылдық елді мекендерде кредит беру және микрокредит беру бойынша пилоттық ауылдық елді мекендерді анықтау үшін скрининг жүргізеді, пилоттық ауылдық жерлерде сенім білдірген өкілді (агентті) анықтау үшін тиісті құжаттарды дайындайды, берілетін микрокредиттер бойынша кепілдік беру бойынша мониторинг жүргізіп, талдау жасайды, пилоттық ауылдық жерлерде сенім білдірген өкілге (агентті) бюджеттік кредит қаражатын аудару жұмыстарын атқарады Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін ауыл халқына микрокредиттер беру» бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес микрокредиттер беріледі. Тәуелсіз бағалаушы компаниялардың несие алушылардың кепілге қоятын мүліктерін бағалағанда құнын тым жоғары бағалауы орын алуы мүмкін. Сәйкесінше «бағаланған кепіл туралы құжаттың» сенім білдірілген өкіл (агент) жанындағы кепіл мүлкі құнын растайтын мамандардың қорытындысымен сәйкес келмеуі орын алады 2 Экономикалық талдау, жоспарлау және жиынтық ақпарат бөлімінің бас маманы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы саласының әрбір түріне субсидияны іске асырады Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялау мәселесінде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелі – төлем кезектілігі мәселесі, яғни, кезектілікті қамтамасыз ету үшін мақұлданған өтінімдерді қаржылай қанағаттандыру рәсімдерін интеграциялау

    3 шілде 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

    № Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар Ұсынымды орындау нысаны Уәкілетті органның ұстанымы *Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда Орындау мерзімі 1 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін ауыл халқына микрокредиттер беру» бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес микрокредиттер беріледі. Тәуелсіз бағалаушы компаниялардың несие алушылардың кепілге қоятын мүліктерін бағалағанда құнын тым жоғары бағалауы орын алуы мүмкін. Сәйкесінше «бағаланған кепіл туралы құжаттың» сенім білдірілген өкіл (агент) жанындағы кепіл мүлкі құнын растайтын мамандардың қорытындысымен сәйкес келмеуі орын алады «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие алушылардың кепілге қоятын мүліктерін бағалауында және бағалау қорытындысымен берілетін құжатқа жауапкершіліктерін арттыру үшін Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 133-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңына толықтырулар енгізу ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап жауабын алу Қыркүйек 2025 жыл 2 Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялау мәселесінде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелі – төлем кезектілігі мәселесі, яғни, кезектілікті қамтамасыз ету үшін мақұлданған өтінімдерді қаржылай қанағаттандыру рәсімдерін интеграциялау Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялау мәселесінде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелі – төлем кезектілігі мәселесі, яғни, кезектілікті қамтамасыз ету үшін мақұлданған өтінімдерді қаржылай қанағаттандыру рәсімдерін интеграциялау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап жауабын алу Қыркүйек 2025 жыл

    3 шілде 2025 ж.Тікелей