
Джетибаева Алия Муратхановна
ҚР ҚМ Заң қызметі департаментінің директоры
Өмірбаян
1977 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
Қазақ Мемлекеттік заң университетін, Рединг университетін бітірген.
Халықаралық құқық магистрі.
1999 - 2002 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Заң департаментінің жетекші/бас маманы.
2002 - 2003 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Заң басқармасы Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді талдау, кодификациялау бөлімінің бастығы.
2003 - 2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Заң басқарма басшысының орынбасары.
2009 - 2018 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасының басшысы.
2018 - 2019 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Заң департаментінің директоры.
2020 - 2024 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті әдіснама департаментінің директоры.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарады.





