
Өмірбаян
Мұратова Гүлжамал Алметқызы 1973 жылы 29 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылында дүниеге келді.
Ақтоған ауылындағы № 4 мектебінде білім алып, Алматы қаласы Қыздар педагогикалық институтына «Қазақ тілі және әдебиеті» факультетін күндізгі бөліміне оқуға түсіп 1995 жылы бітірген.
Институтты бітірген соң, 1995 жылдың тамыз айында Еңбек жолымды Меркі ауданы Сыпатай ауылының №16 негізгі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2003 жылы директордың құқықты тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 2006 жылы директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарған.
2014 жылдың шілде айында осы мектептің директоры болып тағайындалып қазіргі уақытқа дейін аталған мектеп директоры. «AMANAT» партиясының мүшесі, «Ақарал» бастауыш партия ұйымының төрайымы, мәслихат депутаты.





