
Смағзамова Назгүл Қабыкенқызы
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасырың қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Смағзамова Назгүл Қабыкенқызы 1971 жылы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Комсомол ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, 2003 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ласты совхозында бухгалтер болып бастады. 1992-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мекемелері мен кәсіпорындарында бухгалтер лауазымында жұмыс істеді, 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында бас маман болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы, 2017 жылдың наурыз айынан бастап әкімшлік-қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2018 жылдың қазан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қаржы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарады.



