Жүнісова Гүлжан Саниязбекқызы

    Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жоспарлау және мониторинг бөлімінің басшысы

    Жүнісова Гүлжан Саниязбекқызы
    Руководитель отдела

    Жүнісова Гүлжан Саниязбекқызы

    Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жоспарлау және мониторинг бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Жунусова Гульжан Саниязбековна 1967 жылы 5 ақпанда ШҚО облысы Катон-Карағай ауданы Согорное ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі – 2 жоғарғы.

    Еңбек жолын 1984 жылы Большенарым ауданы Большенарым ауылындағы №3 балабақшадан бастап, сол жерде 1985 жылға дейін тәрбиешісі боп жұмыс істеді. Сондай-ақ 1985 жылы Катон-Қарағай ауданының Медведка ауылындағы балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Содан кейін 1985 жылы «тарих және қоғамтану пәні оқытушысы» мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы) Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түседі.

    Университетті аяқтағаннан кейін 1990 жылдан бастап еңбек қызметін ШҚО қаржы басқармасында жалғастырады, ол жерде 2009 жылға дейін аға экономист (бас маман) қызметін атқарады. Еңбек қызметі барысында 1997 жылы бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша Есеп қызметкерлерінің республикалық институтын тәмамдап, бухгалтер-экономист біліктілігі беріледі.

    2009 жылдан 2012 жылға дейін уақытша жұмыс істеген жоқ. 2012 жылдан бастап ШҚО Мәдениет басқармасында бас маман болып жұмыс атқарды. 2014 жылдан бастап ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында жоспарлау мәне мониторинг бөлімінің басшысы болып істейді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері