
Асқар Арыстан
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
Өмірбаян
Асқар Арыстан 1986 жылы 22 желтоқсанда Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2009 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылдан 2012 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы лауазымын атқарған.
2012 жылдан 2015 жылдар аралығында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысы статистика департаментінің персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы лауазымын атқарған.
2015 жылдан 2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы және кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
2019 жылдан 2021 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикоррупциялық қызмет) Департаментінің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері лауазымын атқарған.
2021 жылдан 2025 жылдар аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Жетісу облыстары бойынша департаменттерінің превенция басқармасы басшысының орынбасары, кейіннен басқарманың басшысы лауазымын атқарған.





