
Қалауов Нұржауған Серікұлы
Қауіпсіздік өзекті мәселелері департаментінің директоры
Өмірбаян
1976 жылғы 10 ақпанда Ақтөбе облысында туған. Үйленген, 4 баласы бар.
Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде тарихшы, Орталық Азия Университетінде экономист, Қазақ гуманитарлық-заңгерлік инновациялық университетін заң ғылымдарының магистрі дәрежесімен бітірген.
1993-1994 жылдары Ақтөбе облысы Темір ауданы Теректі совхозында машина-трактор станциясында жұмысшы.
1999-2003 жылдары мұғалім, Ақтөбе облысы Темір аудандық білім бөлімінде әдіскер.
2003-2006 жылдары Темір ауданы әкімі аппаратында әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімі бастығы, аудан әкімі көмекшісі, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім бастығы.
2006-2008 жылдары Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығы.
2008-2010 жылдары Темір ауданы Шұбарқұдық кенттік округі әкімі.
2010-2015 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары.
2015-2018 жылдары Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі.
2018-2020 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы.
2020-2021 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2021-2022 жылдары «A-Textile» ЖШС-нің маркетинг жөніндегі директоры, «RemStroiTransGroup» ЖШС-де директордың кеңесшісі-заң кеңесшісі.
2022 жылдың 19 қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің Қауіпсіздік департаменті директоры.
Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Құрмет» орденімен наградталған. Ақтөбе облысы «Мәртөк ауданының Құрметті азаматы».



