Серғазин Ғұмар Екпінұлы

    Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры

    Серғазин Ғұмар Екпінұлы
    Директор

    Серғазин Ғұмар Екпінұлы

    Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Лауазымы:

    ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры

    Білімі:

    - Қазақ-Америка университеті, мамандығы – заңгер, (2008 ж.);

    - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, (2013 ж.);

    - АЭХА Ядролық құқық институты (Австрия) (2015 ж.);

    - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институты, мамандығы «электроэнергетика» (2020ж.);

    Еңбек өтілі:

    «Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы, операциялық зал бастығының орынбасары (2008-2011 жж.);

    «БТА Банк» АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі) (2011 ж.);

    Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2011-2012 жж.);

    Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы (2013-2014 жж.)

    Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы (2014 ж.);

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы (2014-2016 жж.);

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары (2016-2017 жж.);

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2017-2023 ж.);

    ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры (2023 ж. наурызынан бастап).

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері