
Аскарова Жанна Аскаровна
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1971 жылы 20 қазанда Қарағанды облысының Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1995 жылы химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді, химия бакалавры академиялық дәрежесі берілді. 2001 жылы қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді.
- 2007 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.;
- 2015 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы еңбек өтілі 30-дан аса жылды құрайды. Мемлекеттік қызмет өтілі – 11 жыл.
Еңбек жолын 1995 жылдың тамыз айында Зырян қаласының № 10 орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып бастады.
1997 жылдың қыркүйек айынан 1999 жылдың тамыз айына дейін Зырян қаласының № 10 орта мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1999 жылдың тамыз айынан 2002 жылдың қаңтар айына дейін -Зырян қаласының № 8 орта мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
2002 жылдың қаңтар айынан бастап 2004 жылдың қыркүйек айына дейін - Зырян қаласының № 9 орта мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
2004 жылдың қыркүйек айынан бастап 2009 жылдың наурыз айына дейін Зырян қаласының № 9 орта мектебінде білім беру-тәрбиелеу жұмысы бойынша оқу ісінің меңгерушісі лауазымында жұмыс атқарды.
2009 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың маусым айына дейін «Алтай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының лауазымында жұмыс жасады.
2017 жылдың маусым айынан 2019 жылдың желтоқсан айына дейін Алтай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет жасады.
2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін Шығыс Қазақстан облысының халықтар ассамблеясы секретариатының меңгерішісі лауазымын атқарды.
2020 жылдың шілдесінен қарашасына дейін Алтай қаласының әкімі қызметін атқарды.
2020 жылдың 02 желтоқсанынан бастап аудан әкімінің өкімімен Алтай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.



