
Лухбеков Айдын Далелғазыұлы
«Алтай ауданы әкімі» аппаратының басшысы
Өмірбаян
Айдын Далелғазыұлы 1976 жылы туған, 2 жоғары білімі бар, 1999 жылы жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2005 жылы құқықтану мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан өңірлік университетін бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 20 жылға таяу.
2019 жылдан бері «Катон-Қарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманының, «Катон-Қарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, «Катон-Қарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ әкім аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет атқарды. 2023 жылғы маусым айынан Катон-Қарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының лауазымында жұмыс істеді.



