
Шаухин Заңғар Мухтарұлы
Заместитель акима района Алтай
Өмірбаян
Заңғар Мухтарұлы Шаухин 1991 жылғы 17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған, 2014 жылы техникалық ғылымдар магистрі – академиялық дәрежесі тағайындалған. 2017 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы жұмыс өтілі және басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі 9 жылдан асады.
Заңғар Мухтарұлы, 2012 жылдың шілдесінен 2019 жылдың қазан айына дейін Катонқарағай ауданы әкімінің «Нарын», бұдан әрі «Нарын-Сервис» ЖШС мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ӨТБ бастығы болып еңбек еткен.
2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «ВОЛС Проект-Строй» ЖШС техникалық қызмет көрсету орталығының 2-санатты техник лауазымында жұмыс істеген.
2020 жылғы ақпаннан 2021 жылғы қаңтарға дейін «Надежный строитель» ЖШС директоры лауазымын атқарған.
2021 жылғы 3 наурыздан 2022 жылғы 29 қыркүйекке дейін «Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарған.
13 ақпаннан бастап «Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы.
29 қарашадан бастап Алтай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды



