
Өмірбаян
Мария Жүсіпқызы Жекебатырова, 1972 жылы туған, білімі жоғары. 1994 жылы Қостанай мемлекеттік университетін педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1991-1992 жылдары Қостанай облысы Семиозерный ауданы Қарақалпақ ауылындағы Қарақалпақ кіші орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
1992-2004 жылдары Жақсы ауданы Жақсы ауылының қазақ бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.
2004-2005 жылдары Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2005-2010 жылдары "Жақсы ауданы әкімінің аппараты" ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, ал 2010-2011 жылдары осы мекеменің ұйымдастыру — кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2011-2022 жылдары "Жақсы ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы, ал 2022 жылы "Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі"ММ басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың желтоқсан айына дейін Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Ағымжағы жылдың 2 наурыздағы АСК шешімімен Жақсы ауданы Чапай ауылының әкімі болып тіркелді.




