Жақсы ауданы-Солтүстік Қазақстандағы Ақмола облысындағы аудан.
Құрылған күні-1957 жыл. Әкімшілік орталығы-Жақсы ауылы.
Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін басқаруды және бақылауды, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге орай аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тыл еңбеккері Надежда Кирилловна Перваковаға барып, оны келе жатқан мерекемен құттықтап, алғыс сөздерін білдірді.
13.11.2026 ж. бос лауазымдар туралы ақпарат № п/п Мемлекеттік органның атауы Бос орындар(тұрақты) Бос жұмыс орнының құрылған күні Бос орындар(уақытша) Ескерту Жақсы ауданы (штат саны - 115) 1 «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 1 09.07.2026 2 «Жақсын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі 1 31.03.2026 3 «Жақсынауданыныңэкономика және қаржыбөлімі»мемлекеттікмекемесібасмаман 1 05.11.2026 БАРЛАҒЫ3 3
Жарияланды:
Ақпарат
Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
invest.enpf.kz инвестициялық порталының артықшылықтары мен мүмкіндіктері Бұрын қалай болды? 2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы берілді. 2023 жылғы шілдеде күшіне енген Әлеуметтік кодекс бұл мүмкіндікті кеңейтті. Атап айтқанда, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігіне ие болды. Қазір не өзгерді? 2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын да толық көлемде жеке басқаруға бере алады. Бұл өзгеріс қандай мүмкіндік берді? Аталған жаңашылдық салымшылар үшін өз жинақтарының инвестициялық кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Енді әрбір салымшы өзінің зейнетақы активтерін кім және қандай инвестициялық стратегия бойынша басқаратынын дербес таңдай алады. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарын бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы мен инвестициялық портфель арасында бөліп орналастыруға болады. Бұл зейнетақы капиталын басқарудың баламалы жолдарын көбейтіп, салымшыларға өз мүддесіне сай шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы тек сырттай бақылаушы рөлін атқаратын үлгіден адамның ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде өзінің қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық портал туралы Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімді бола түсуі салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауына белсенді қатысуына жағдай жасайды. Осы мақсатта 2026 жылдың басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) invest.enpf.kz арнайы инвестициялық порталын іске қосты. Портал зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға бергісі келетін салымшыларға дұрыс шешім қабылдап, жинақтарын жедел аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, зейнетақы активтерін басқаруға қатысты негізгі мәліметтер біртұтас цифрлық кеңістікке жинақталған. Соның арқасында салымшылар қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құралға қол жеткізді. Инвестициялық портал пайдаланушылары: ·инвестициялаудың негізгі ұғымдарымен таныса алады; ·басқарушы компаниялардың әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілігін салыстырып, оның өзгеру динамикасын бақылай алады; ·инвестициялық портфельдердің құрылымын зерделеп, зейнетақы активтерінің қандай қаржы құралдарына орналастырылғанын біле алады; ·инвестициялық декларациялар мен стратегияларды зерттеп, олардың өз мақсаттары мен мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетінін бағалай алады. Деректер талдамасынан салымшылардың инвестициялық құралдарға деген қызығушылығы артып, өздерінің зейнетақы жинақтарын саналы түрде басқаруға ұмтыла бастағанын байқауға болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, invest.enpf.kz порталы іске қосылған сәттен бастап оның бірегей пайдаланушыларының саны тұрақты түрде өсіп, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шамамен 82 мың адамға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілген қыркүйек айында тіркелді. Статистика не дейді? Статистикалық деректер салымшылардың зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару белсенділігі де айтарлықтай артқанын көрсетеді. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 6 қыркүйек аралығында зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударған салымшылар саны 44 167 адамды, ал аударылған қаражаттың жалпы сомасы 69,1 млн теңгені құраса, 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 14 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 32 921 салымшының аударған зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 92,2 млн теңгеге жетті. 01.01.2026ж. бастап 06.09. 2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000дейін 15 910 36,0% 2 582,68 3,7% 500 000 -1 000 000 5 443 12,3% 3 827,41 5,5% 1 000 000 -3 000 000 13 716 31,1% 26 591,73 38,5% 3 000 000 -5 000 000 8 085 18,3% 29 434,35 42,6% 5 000 000 -10 000 000 946 2,1% 5 717,96 8,3% 10 000 000 -2 0 000 000 59 0,13% 734,22 1,1% 20 000 000 -50 000 000 8 0,02% 257,22 0,4% свыше 50 000 000 – – – – ЖИЫНТЫҒЫ 44 167 69 145,57 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000дейін 7 325 22,3% 1 210,96 1,3% 500 000 -1 000 000 3 425 10,4% 2 357,91 2,6% 1 000 000 -3 000 000 9 409 28,6% 17 175,42 18,6% 3 000 000 -5 000 000 6 375 19,4% 23 974,97 26,0% 5 000 000 -10 000 000 5 712 17,4% 38 356,27 41,6% 10 000 000 -20 000 000 621 1,9% 7 475,87 8,1% 20 000 000 -50 000 000 51 0,15% 1 391,67 1,5% свыше 50 000 000 3 0,01% 214,37 0,2% ЖИЫНТЫҒЫ 32 921 92 157,45 Жасына қарай топтар бөлінісінде осы кезеңдердегі стаитстика төмендегідей сипатқа ие: 01.01.2026ж.бастап06.09.2026ж. дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 24,0% 10,5% 397 30–39жас 40,2% 40,9% 922 40–49жас 24,8% 32,5% 1 188 50–59жас 10,6% 15,4% 1 318 60жас және одан үлкен 0,5% 0,6% 1 118 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж.дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 22,1% 9,1% 676 30–39жас 38,0% 37,6% 1 631 40–49жас 27,5% 35,2% 2 113 50–59жас 11,8% 17,1% 2 380 60жас және одан үлкен 0,6% 1,1% 2 975 Келтірілген деректерден көріп отырғанымыздай, ең жоғары белсенділікті 30–39 жас аралығындағы салымшылар танытып отыр. Барлық аударымдардың шамамен 40%-ы және аударылған қаражаттың жалпы көлемінің 40%-ы осы жас тобындағы азаматтарға тиесілі. Олардың белсенділігі осы кезеңге қарай зейнетақы шоттарында қомақты қаражаттың жинақталуымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар зейнетке шығуға әлі жеткілікті уақыт бар болғандықтан, салымшылар өздерінің инвестициялау мерзімі мен тәуекелге деген көзқарасына сәйкес инвестициялық стратегияны таңдап, қажет болған жағдайда оны өзгерте алады. Еске саламыз, зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешімді әр салымшы өз бетінше қабылдайды. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын қаражатты басқару шарттарын, инвестициялық портфельдің құрылымын, комиссиялық сыйақы мөлшерін және әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерін мұқият зерделеген жөн. Бұл ретте өткен кезеңдердегі инвестициялық нәтижелер болашақта дәл сондай кірістілікке қол жеткізуге кепілдік бермейтінін, ал инвестициялардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін екенін ескеру маңызды. Салымшылар өзекті деректер мен барлық қажетті ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан кез келген уақытта таба алады. Бүгінде бұл портал көптеген салымшыға зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін жан-жақты түсінуге және жинақталған қаражатын инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруына беру жөнінде саналы шешім қабылдауға көмектесті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында (2026 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейін) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар мен алушыларға 40,3 млн қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш Қормен өзара іс-қимыл жасаудың цифрлық және тікелей қызмет көрсету арналарына сұраныстың қаншалықты жоғары екенін айқын көрсетеді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 27,7 миллионы электрондық форматта, 11,8 миллионы автоматты режимде жүзеге асырылды. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көлемнің 98,6%-ын құрады. Тікелей қызмет көрсету форматында 576,0 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде 562,2 мыңы Қор кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды төлеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары (НЖШ) ашылады. Есепті кезеңде зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ), жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен аударған міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) есепке алуға арналған шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ), сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды алушыларға тиесілі қаражатты есепке алу және төлеу үшін ашылатын нысаналы жинақтау шоттарының (НЖШ) жалпы саны 1,3 млн бірліктен асты. Бұрынғыдай ең сұранысқа ие қызмет – ЖЗШ, ШЗШ және НЖШ-дан үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері шоттардың барлық түрлері бойынша 28,7 млн үзінді көшірме берілді. Оның 25,8 миллионы электрондық форматта, ал 2,5 миллионы автоматты режимде ұсынылды. БЖЗҚ шоттардың жай-күйі туралы ақпаратты жеке кабинет арқылы алу зейнетақы жинақтарын бақылаудың ең ыңғайлы, сенімді әрі жедел тәсілі екенін еске салады. Сервис тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді. Бұл әлемнің кез келген нүктесінен, кез келген уақытта өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Шоттардың жай-күйі туралы мәліметтер БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасы мен ресми сайтындағы жеке кабинетте ғана емес, egov.kz порталы немесе электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Бұл мемлекеттік сервистерді бірыңғай платформалар арқылы пайдалануды қалайтын азаматтарға қосымша қолайлылық туғызады. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап үзінді көшірмелерді пошта арқылы жыл сайын автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын атап өтеді. Дегенмен, тиісті сұранысты БЖЗҚ мекенжайына жолдау арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталған. Салымшылар (алушылар) Қордың сайты мен мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алудан бөлек, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттарының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2-топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе елу жасқа толуына орай ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем алуға берілген өтініштің мәртебесін қадағалау, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақы мөлшерін болжамды түрде есептеу және басқа да қызметтерді пайдалана алады. Өткен кезеңде салымшылардан зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы 142,3 мың өтініш қабылданды. Олардың басым бөлігі электрондық форматта берілді. БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіріп, инвестициялық қызмет туралы мәліметтерді жүйелі түрде ұсынуды қамтамасыз ететінін еске салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға қазақ және орыс тілдерінде зейнетақы жинақтары жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (өлшемшарттары), негізгі ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, олардың реттеушілік талаптарды сақтауы жөніндегі деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық қызметі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат қолжетімді. Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге қатысты 87,1 мың өтініш қабылданды. Оның 81,2 мыңы Қор кеңселерінде рәсімделді. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгінген салымшылар, әдетте, жинақтарын қалыптастыру мәселелері жөнінде қосымша кеңестер мен ұсынымдар да алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары негізінде жарияланған материалдар саны 29,8 мыңға жетті. Кері байланыс арналары (байланыс орталығы, веб-сайт арқылы кеңес беру, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс арналары) арқылы салымшылар мен алушылардан келіп түскен өтініштердің саны – 310,5 мың. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша өз кеңсесінде көшпелі таныстырылым мен кеңес беру шараларын өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты, мобильді қосымшасы, сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшалары арқылы хабарласу жеткілікті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты
Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгегежетті.12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңгенемесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан қаражаттан тұрады, олардың көлемі – 26,13 трлн теңге,12 айда 1,73 трлн теңгеге немесе 7,1% өсті. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 732,80 млрд теңгеболды. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,35 млрд теңгеболып, 12 айда 6,4% өсім көрсетті. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,4 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қазанына1 429,89млрд теңгеболды. Түсімдер Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 9 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына2 738,10млрд теңгетүсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе371,90млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейін2 091,42млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 113,50 млрд теңге (өсім – 12,7%), ЕЗЖ – 1,62 млрд теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.10.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар531,55млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.10.2026ж. жағдай бойынша882,28 млрдтеңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар1402,37млрд теңгеніқұрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер223,61млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 028 теңге. 2026 жылдың басынан бастап 01.10.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 490,04 млрд теңге,мұрагерлік бойынша 77,26 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 37,30 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,62 млрд теңге, жерлеуге – 7,14 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 564,40 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,11 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,14 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанында 12,90 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,44 млн - МЗЖ бойынша, 798,39 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,12 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,44 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді. БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -6,21 млнбірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).
Жарияланды:
Ақпарат
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу
enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсынылды "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағызейнетақы активтерінің жалпы көлемі28 267,61млрд теңгеніқұрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 633,21 млрд теңгені[1]құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 428,29млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері151,28млрд теңгеніқұрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,34%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,27%, ҚРҰБ депозиттері – 2,63%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,33%, МҚҰ – 1,00%. Активтердің 37,62%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,86%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,13%. Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 693,73млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 14,15млрд теңгені, өзге кірістер – 3,48 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 706,33 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 2,64%-ды құрады. 2026 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,52%, ҚРҰБ депозиттері – 3,34%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 115,80 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 23,59 млрд теңге кіріс әкелді. 2026 жылғы ққазанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 173,20 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 19,15%. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелініңегжей-тегжейлі құрылымыжәне инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойыншапортфель құрылымытуралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 206,11млрд теңге. 2026жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 32,66 млрд теңге. Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%,РЕПО – 17,21%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 11,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,95%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,10%,шет мемлекеттердің МБҚ – 5,78%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,86%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,48%, МҚҰ – 1,70%. Атап кетейік, портфельдің 61,32% теңгемен, 38,22% АҚШ долларымен, 0,46% басқа валюталардаұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 9,46%. "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелініңегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2026жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 29,57 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 19,07%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 18,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,74%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,44%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар– 5,62%,активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,17%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,68%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 82,13%-ын, АҚШ долларымен 17,87%-ын құрайды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,75%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2]сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,21 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,04%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 9,75%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,95%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,64%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,67%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 7,15%,ҚРҰБ ноттары – 7,98%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 6,06%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,59%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,79%-на, АҚШ долларымен – 36,21%. Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 7,92%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 91,95 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 16,53%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,97%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 10,61%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,38%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,82%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 8,33%,Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 6,70%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,76%, МҚҰ – 1,68%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 66,95%, АҚШ долларында – 33,05% инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,22%. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,87 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 34,67%, Репо – 15,98%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,47%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,88%, АҚШ долларымен – 38,12% инвестицияланды. "Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 0,00% құрады. "Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 43,85млрд теңге. ҚР ЕДБ облигацияларына – 33,30%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 13,44%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,05%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,88%,РЕПО – 7,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,03%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,82%,ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,17%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 1,30% инвестицияланды. Ұлттық валютада портфельдің 77,71%-ы, АҚШ долларында 22,29%-ы инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,95%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойыншаinvest.enpf.kzбірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1]зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда [2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайды
Жарияланды:
Ақпарат
Жақсы ауданының бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)
Жақсы ауданының бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) № п/п Тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы Жұмыс орны, атқаратын лауазымы тұрғылықты жері Саяси партияға немесе қоғамдық бірлестікке қатыстылығы Ұлты № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Жанабаев Чингисхан Бахтиярович 2000 «Т.А.Уәлиев атындағы спорт мектебі» ЖШС, бухгалтер Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ 2. Марченко Анатолий Сергеевич 1988 «Агрофирма ТNК» ЖШС, техникалық инфрақұрылым бөлімшесіндегі Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген украин 3. Смагулов Искак Садырович 1965 «Новокиенка» ЖШС, директор Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Ешім ауылы «Әділет» партиясы қазақ № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ичетовкина Екатерина Валентиновна 1986 «Үй жайында арнайы көмек көрсету бөлімі», әлеуметтік қызметкер Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Белағаш ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген молдаван 2. Кабенок Артем Викторович 1988 «ҚТЖ» АҚ Жақсы жол дистанциясы, аға электромеханик Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы «Әділет» партиясы украин 3. Куанышпаев Нурлан Есетович 1985 Жақсы АӨТТ филиалының ЖАЦ «Казахтелеком» АҚ, басшы Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы «НПК» партиясы қазақ № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абильмаженов Биржан Манатович 1988 «Каражон» ЖШС, директор Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Киров ауылы «Әділет» партиясы қазақ 2. Жәмшіт Бағлан Мақсұтұлы 1993 Жақсы АӨТТ филиалының ЖАЦ «Казахтелеком» АҚ,, электробайланыс инженері Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ 3. Пушкарев Игорь Геннадьевич 1997 «Жақсы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, спорт методисті Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Киров ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген орыс № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бексеитова Гулбану Орумбаевна 1962 «Ешім ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, кітапханашы Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Ешім ауылы «Әділет» партиясы қазақ 2. Федорчук Александр Александрович 1992 «Т.А.Уәлиев атындағы спорт мектебі» ЖШС, техникалық қауіпсіздік бойынша инженері Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы «Respublica» партиясы украин 3. Хамитова Жибек Сейтжановна 1992 «Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімі аппараты» ММ, бас маманның м.а. Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абжанов Дулат Мухиденович 1989 Өзін-өзі жұмыспен қамтушы Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ 2. Елюбаева Наталья Васильевна 1979 «Урожай» ЖШС, техникалық қызметкер Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген молдаван 3. Юдина Анжелика Васильевна 1994 «Жақсы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КММ-нің, бастапқы медициналық-санитариялық көмек басшысы Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы «Әділет» партиясы украин № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абанов Улугбек Тулеусейтович 1984 «Урожай» ЖШС, бас инженер Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ 2. Казьмин Павел Валентинович 1974 «Агрофирма ТNК» ЖШС, бас директорының техникалық сұрақтар бойынша бірінші орынбасары Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы «Әділет» партиясы орыс 3. Саветова Алинур Вахитовна 1996 «Жақсы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КММ-нің», терапевт дәрігер Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Бережная Наталья Романовна 1972 «Белагаш» ЖШС, директор Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Белағаш ауылы «Әділет» партиясы орыс 2. Рубан Владимир Иванович 1959 «Жаксынская нефтебаза» ЖШС, директорының орынбасары Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген украин 3. Сейтенов Асылан Ғабдоллаұлы 1993 «Белағаш ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ, қазақ тілі мұғалімі Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Белағаш ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Базарбеков Ерлан Эсенбекович 1988 «Казахтелеком» АҚ Жақсы филиалы, жетекші инженері Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ 2. Бралина Алмагуль Джамбуловна 1965 уақытша жұмыссыз Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы «Әділет» партиясы қазақ 3. Казкенова Айман Тулеусеитовна 1979 «Урожай» ЖШС, тауарлы материалдық құндылықтардың бухгалтері Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ахметова Светлана Александровна 1980 «Белағаш» ЖШС, ҮКШ бойынша директордың орынбасары Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Белағаш ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ 2. Ишамбеков Данияр Тендикович 1975 «Жаңа Жол» ЖШС, директор Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы «Әділет» партиясы қазақ 3. Липиса Алена Августовна 1984 «Қаражон» ЖШС, орталық қырман меңгерушісі Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Киров ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген неміс № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абдуалиев Галымжан Тельманович 1990 «Казахтелеком» АҚ Жақсы филиалы, инженері Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ 2. Гитинов Басир Алиасхабович 1967 «Кийма Агро» ЖШС, директор Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Қима ауылы «Әділет» партиясы авар 3. Ергалиева Гульмира Агбаевна 1984 «Қаражон» ЖШС, дақыл өндірісінің есепшісі Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Киров ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Акишев Омурсерик Акпарович 1981 «Имран Аgrо» ЖШС, директор Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Ешім ауылы «Әділет» партиясы қазақ 2. Жангабулов Бейбит Мухтарович 1998 «Жақсы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, спорт методисті Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Ешім ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ 3. Сактаганова Аякоз Кабиденовна 1969 «Имран Аgrо», қойма меңгерушісі-жетекшісі Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Ешім ауылы өзін-өзі ұсыну арқылы/көрсетілмеген қазақ