2026 жылғы 11 қарашада Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А. Жанадилованың басшылығымен бейнеконференцбайланыс режимінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері, Жақсы ауданының мемлекеттік органдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Кеңестің негізгі тақырыптары мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәс тігуге, оның ішінде «Көкпар» ойындарына ойыншы, демеуші немесе ат иесі ретінде қатысуына жол бермеу, темекі шегудің зияны, қоғамдық орындарда және қызметтен тыс уақытта мінез-құлық қағидаларын сақтау, сондай-ақ әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен пайдалану мәселелері болды.
Кеңес аяқталғаннан кейін Жақсы ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова кеңес қорытындысын шығарып, мемлекеттік қызметшілерді Әдеп кодексінің нормаларын сақтау қажеттілігіне шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





