
Өмірбаян
Бекқалиев Қанат Жанғалиұлы-1983 жылы туған. Білімі жоғары, 2006 жылы - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген .
Еңбек жолын 2002 жылы Жақсы ауылының Аудандық мәдениет үйінің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып бастаған .
2003 жылдан 2008 жылға дейін Жақсы аудандық ауруханасында бухгалтер, орталықтандырылған бухгалтерия экономисі болып жұмыс істеді.
2008 жылы "Агрофирма TNK" ЖШС аға диспетчері болып жұмыс істеді, Жақсы ауылы.
2008 жылдан 2012 жылға дейін Жақсы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2012 жылдан 2015 жылға дейін Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы болды .
2015-2018 жылдары Жақсы ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2019 жылдан 2020 жылға дейін Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2020 жылдан 2021 жылға дейін Жақсы ауылының әкімі болды.
2021 жылдан бастап Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 13 шілдеде Новокиенка ауылының әкімі болып сайланды.




