
Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова
Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі
Өмірбаян
Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова 1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Exeter University, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кадр жұмысы басқармасының маманы, 2004-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бөлімше бастығы, Заңнама, кадр департаменттері директорының орынбасары болды.
2013 жылдан 2015 жылға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Заң бөлімінің орынбасары, меңгерушісі.
2015-2017 жылдары «СК-Фармация» ЖШС бөлім бастығы, департамент директоры, басқарушы директоры.
2017-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қ. «Medinc» ЖШС Бас директоры.
2022 жылдың маусым айынан бастап «Social-i Kazakhstan» ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылдың ақпан айынан бастап осы күнге дейін - Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі қызметін атқарады.




