
Бекболат Серикұлы Молдабеков
Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі
Өмірбаян
2013 жыл - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.
19.02.2014 - 12.11.2014 ҚР «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ-ның жобалық кеңсенің талдаушысы, Астана қаласы
13.11.2014 - 12.01.2015 ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа модельді дамыту басқармасы бас сарапшысының м.а., Астана қаласы
13.01.2015 - 10.03.2015 ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа модельді дамыту басқармасы бас сарапшысының м.а., Астана қаласы
11.03.2015 - 21.06.2016 ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа модельді дамыту басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы
22.06.2016 - 02.04.2017 ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы
03.04.2017 - 17.06.2018 ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу басқармасының басшысы, Астана қаласы
18.06.2018 - 10.09.2018 ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы
11.09.2018 - 04.04.2019 ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы
05.04.2019 - 18.08.2019 ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы
19.08.2019 - 22.12.2019 ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы
23.12.2019 - 19.11.2020 ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы
20.11.2020 - 01.12.2020 Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық трансформация департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қ.
02.12.2020 - 08.08.2021 Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қ.
09.08.2021 -14.11.2022 Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қ.
2022.11.15 айынан бастап Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі қызметін атқарады.




