
Дәниел Мерейұлы Ваисов
Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі
Өмірбаян
Дәниел Мерейұлы Ваисов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Әділет» жоғары құқық мектебін, Нархоз университетін, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.
2001 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің жеке шарты бойынша операторы.
2002 - 2003 - Мемлекеттік кірістер министрлігінің Салық төлеушілермен жұмыс департаменті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті бөлімдерінің бас маманы.
2003 - 2010 - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Халықаралық келісімшарттар департаментінің заңгері, бас заңгері лауазымдарында жұмыс істеді.
2010 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментінің директоры.
2010 - 2020 - «PSA» ЖШС әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.
2020 - 2023 - «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ сатып алуды бақылау жөніндегі Орталықтандырылған қызметінің басшысы.
2023 - осы күнге дейін - Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі қызметін атқарады.




