Кульбараков Нурсултан Игиликович

    «Жетісу» кеден бекетінің басшысы

    Кульбараков Нурсултан Игиликович
    Басқарма басшысы

    Кульбараков Нурсултан Игиликович

    «Жетісу» кеден бекетінің басшысы

    Өмірбаян

    1990 жылғы 15 маусымда Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Білімі: 2012 ж. – М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, «қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры. 2019 ж. – Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, «радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

    Еңбек қызметі:

    2012 ж. – Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Қордай» кеден бекеті маманының міндетін атқарушы, кейін маманы;

    2012-2013 жж. – Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Қордай» кеденінің «Қарасу» кеден бекетінің маманы;

    2013-2015 жж. – Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті / Мемлекеттік кірістер департаменті «Қордай» кеденінің «Қарасу» кеден бекетінің жетекші маманы;

    2015-2016 жж. – Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу салықтық тіркеу орталығы бөлімінің бас маманы;

    2016-2017 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті борыштармен жұмыс басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы;

    2017-2022 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің бас маманы;

    2022-2023 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекеті басшысының орынбасары;

    2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері