
Оханова Акмарал Сембековна
Бөлім басшысы
Өмірбаян
1980 жылы 11 қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келді. 2001 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін экология мамандығы және 2004 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін құқытану мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2001 жылы Ф. Дзержинский атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі болып бастады. Ескелді ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, Ескелді ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маман,Ескелді ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы, Алдабергенов ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасының Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы бөлім басшысы, этносаралық қатынастарды дамыту және қоғамдық-саяси ахуалды талдау бөлімінің бас маманы, 2024 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі - Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы бөлімінің басшысы.



