
Байғазы Ерлен Бақытұлы
Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1992 жылы 25 маусымда Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылында дүниеге келді. 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін құқықтану бойынша аяқтап және 2016 жылы заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2011 жылы «Стройсервис-97» ЖШС заңгер маманы қызметінен бастады. Кейін бөлім басшысы, «Алатау жарық компаниясы» акционерлік қоғамында заңгер, Көксу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және АХАТ бөлімінің бас маман-заңгері, бөлім басшысы, «Naz Group» ЖШС директорының орынбасары, Алматы облысының білім басқармасы Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің заңгері, Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Көксу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және АХАТ бөлімінің басшысы, Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы, «Parasat-Samex Co. LTD» заң бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2025 жылдың 18 наурызынан бастап Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы.





