Хабибов Бекзат Давранович

    Кентау қалалық мәслихат депутаты

    Хабибов Бекзат Давранович
    Қызметкерлер

    Хабибов Бекзат Давранович

    Кентау қалалық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Хабибов Бегзат Давранович, 1976 жылы 29 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Атабай(Қарнақ) ауылында туылған. 1993 жылы Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы орта мектепті үздік аттестатпен бітіріп, 1994 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы кәсіби техникумына оқуға түсіп, 1997 жылы тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы техник-технолог мамандығы бойынша бітірді. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін информатика мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр дәрежесін алды.

    Хабибов Бегзат еңбек жолын Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында «Зарафшон» ресторанында бас аспазшы қызметінен бастап, тамақтындыруды ұйымдастыру саласында технолог лауазымында жұмыс істеді.

    2006 жылы өзінің туған жері Оңтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, Түркістан қаласындағы мейрамханаларында технолог жұмысын атқарды. 2010 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, Түркістан қаласында 2010 жылы «Дәулет» шайханасын ашып, 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті, 2014 жылы 500 орындық «Бексарай» мейрамханасын ашып 20 адамды жұмыспен қамтыды, 2016жылы «Эргаш ата» шаруа қожалығын ашып, бүгінгі таңда Қарнақ ауылында ет, сүт өндіретін 200 бас затты ірі қара малға арналған ферма жұмысын жолға қойып басқаруда.

    Бегзат Хабибов бүгінгі таңда өзі жұмысын жүргізіп отырған кәсіпкерлік объектілерінде 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Еңбек жолында ОҚО «Өзбек мәдени орталығының» «Қоғам жанкүйері» төс белгісімен(2014ж), Қарнақ ауылы 2000 жылдық мерейтойын ұйымдастыру комиссиясы «Қарнақ 2000» төс белгісімен(2014ж), Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Өнегелі азамат» төс белгісімен(2017ж), «Нұр Отан» партиясының ОҚ облыстық филиалының Алғыс хатымен(2015ж), Түркістан қалалық өзбек этно мәдениет орталығының Алғыс хаттарымен(2016-2018ж), Кентау қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен(2016ж), Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының «Достық» төсбелгісімен, «Жаннатул Фирдауси» қайырымдылық қорының Алғыс хатымен(2019ж), Кентау қаласының «Кентау қаласының 65 жылы» төсбелгісімен (2020 ж), «Болашақ Кентау» қоғамдық қорының «Ішкі саясатқа қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2021 ж) Түркістан облысы әкімінің грамотасымен (2022 ж), Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен (2022 ж) марапатталған және Кентау қаласы әкімінің «Қалаға сіңген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2022 ж) марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері