
Беркимбаев Камалбек Мейрбекұлы
Кентау қалалық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Беркимбаев Камалбек Мейірбекұлы 1969 жылы 13 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында дүниеге келген.
1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында №1 қазақ орта мектебіне 1 сыныпқа барды.
1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы №24 қазақ орта мектебін «күміс медальмен» тамамдаған.
1986 жылы еңбек жолын «Кентау экскаватор зауытында» бастады. Зауытта 3 разрядты токарь, слесарь жөндеуші, (СББ) Сандық бағдарламалы басқару (ЧПУ) станогының операторы мамандықтарында қызмет еткен.
1987 жылы Алматы қаласындағы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына жолдамамен оқуға түскен.
1987 жылы Алматы қаласындағы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына түсіп, 1988 жылы денсаулығына байланысты Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына ауысты.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін 1992 жылы «Математика, информатика және есептеуіш техника» мамандығы бойынша бітірген.
Жоғары оқу орнынан кейін 1992 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің жолдамасымен Түркістан қаласындағы Түркістан мемлекеттік университетінде оқытушы қызметіне орналасқан.
Еңбек тәжірибесі:
1992-1993 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университеті Жоғары математика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушы
1993-2003 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау бөлімінде «Математикалық модельдеу және оңтайлы басқару» кафедрасының меңгеруші
2003-2006 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
2006-2007 жж. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институты Педагогика факультетінің деканы
2007-2013 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары
2013-2018 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институтының директоры.
2018-2021 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті.
2021ж. шілде айынан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау институтының (кампусының) директоры.
Ғылыми-зерттеу саласы: кәсіби білім беру, білім берудегі заманауи технологиялар, цифрлық технологиялар.
Информатика және педагогика саласы бойынша 3 Ғылым докторына кеңесші, 15 ғылым кандидатына, «Педагогика және психология», «Тарих», «Физика» мамандықтары бойынша PhD докторанттардың ғылыми жұмыстарын қорғатқан. «Педагогика және психология», «Тарих» және «Физика», «Математика», бойынша PhD докторанттарға жетекшілік етуде.
400-ден астам жарияланған ғылыми еңбектері бар, оның ішінде 7 монография, 10 оқу құралы, 50 оқу-әдістемелік құрал, 3 патент, 15 авторлық құқығы бар куәліктің және Web of Science, Scopus ақпараттық деректер базасында нөлдік емес импакт-факторы бар ғылыми журналдарда жарияланған 21 ғылыми мақалалары бар. Scopus бойынша Хирша Индексі - 7.
Жетістіктері:
Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін " Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері " төсбелгісімен марапатталған. 27.12.2005 ж.
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі болып сайланған (14.12.2007 г.)
" ЖОО үздік оқытушысы-2007ж ", " ЖОО үздік оқытушысы-2013ж " грант иегері, байқауының жеңімпазы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің шешімімен 2008 жылдың 31 қазанында " Информатика, Есептеу техникасы және басқару " мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. (Хаттама №7 31.10.2008 ж.).
« Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін » төсбелгісімен марапатталған. 18.09.2009 ж.
ОҚО «ЖОО үздік тәлімгері» облыстық грантының иегері. 2012
«Педагогикалық ғылымдар» секциясы бойынша Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі болып сайланған (№7389, 22.05.2014 ж.).
Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін « Ы.Алтынсарин » төсбелгісімен марапатталған. 07.12.2013 ж.
ҚР БҒМ Ғылым және білім саласындағы бақылау комитетінің 10.07.2014 жылғы шешімімен " Педагогика " мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. Бұйрық №1131, 10.07.2014 ж.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жарлығымен « Қазақстан Конституциясына 20 жыл » мерекелік медалімен наградталды (2015 ж. тамыз)
Педагогикалық білім берудің Халықаралық Ғылым академиясының академигі болып сайланды (№948, 26.04.2016 ж.).
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. (2016 ж. наурыз).
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды (2016 ж. 29 қараша).
Кентау қалалық Маслихатының депутаты ОҚО 2016ж.
2018 жылы қазанда « Кентау қаласының құрметті азаматы » атағы берілді, ал 2021 жылы « Облысқа сіңірген еңбегі үшін » медалімен наградталды.
2022 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдар академиясының Жарғысы негізінде « академик » болып сайланды.





