
Аринов Ерлан Серікұлы
Кентау қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Аринов Ерлан Серікұлы 1976 жылдың 17 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туылды. 1983-1993 жылдар аралығында А.С.Пушкин атындағы №6 орта мектепте оқыды. 2000-2004 жылдары Кентау экономикалық колледжінің құқықтану факультетінде оқыды. 2004-2007 жылдары Қазақстан-Ресей университетін бітіріп, заңтану бакалавры біліктілігін алды.
Еңбек жолын 1999 жылы ЖЭО-5, «Отырар» АҚ, «КентауЭнерго» ЖШС-нен 2 разрядтағы слесарь жұмысшысынан бастады. 2006 жылы Кентау қалалық әкімі аппаратында нұсқаушы болып жұмыс атқарды. 2007-2009 жылдар аралығында Кентау қаласы Хантағы ауылы әкімі аппаратында әскери есеп жөніндегі бас маманы, 2009-2010 жылдары Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының директоры қызметін атқарды. 2012 жылдың 15 қаңтарынан бастап Кентау қалалық мәслихат депутатына сайланды. Қазіргі таңда Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының директоры қызметін атқаруда.





