
Мұсаханова Ұлбала Ермаханқызы
Кентау қалалық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Мусаханова Улбала Ермахановна 1970 жылы 12 наурызда Түркістан облысы Кентау қаласы Байылдыр ауылында көпбалалы кенші отбасында дүниеге келді.
1989-1995 жыл аралығында Кентаудағы «Ащысайтүстіметалл» комбинатына қарасты тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемесінің Байылдыр ауылында орналасқан «Балдырған» аулалық клубында педагог-ұйымдастырушы болып жұмыс атқарды.
1995 жылдың ақпанында С.Қожанов атындағы №9 жалпы орта мектепке география, тарих пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Жұмыстан қол үзбей жүріп 1998-2003 жылдар аралығында Шымкент қаласында орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінің филиалында «Бүкіләлем тарихы» факультетінде оқып, тарих пәні мұғалімі деген диплом алдым. Қазіргі таңда басшылықпен қоса тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады.
2007 жылдың тамызында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2013 жылдың қазан айынан бастап мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
Қазіргі таңда Кентау қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Байылдыр бастауыш партия ұйымының төрайымы, Байылдыр ауылы Аналар кеңесінің төрайымы, Кентау қалалық мәслихатының VII шақырылым депутаты.
Осы білім саласында 35 жылдан бері еңбек ете отырып көптеген республикалық, облыстық, қалалық, ауылдық әкімдер мен білім беру саласының марапаттары мен алғыс хаттары, Елбасы Н.Назарбаевтың алғыс хаты, «І Дәрежелі білікті басшы», «За заслуги в образовании», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілері мен «Сұлтанбек Қожановқа – 125 жыл», «Кентау қаласына–65 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне-30 жыл» мерекелік медалін алды.
2022 жылы «Халық құрметі», «Ұмай ана, «Алпамыс батыр», «100 жаңа есім» медалдеріне ие болды.





