
Өмірбаян
1979 жылы 24 наурызда Монголияда дүниеге келдім. 2002 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетеін бітірді . 2004 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдадым. Мамандығым – оқытушы Фиолог. Магистр.
2003 жылы Қарағанды қазіргі заманғы гуманитарлық колледжінде ұстаз ретінде жұмысқа қабылданды.01.09.2004 – 30.06.2006 жылдар аралығында Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қазақ фольклоры, тарихы және әдебиеті кафедрасының оқытушысы қызметін атқардым.31.10.2005 – 01.11.2007 жылдар аралағында Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірдім.15.11.2006 – 13.08.2008 жылдар аралығында Осакаров ауданының білім бөлімінде әдіскер болып; 10.09.2008 – 05.04.2010 жылдар аралығында Осакаров ауданының Уызбай ауылының №8 орта мектебінің директор болып;09.04.2010 – 01.03.2016 жылдар аралығында «Осакаров ауданының оқушыларға қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры болып; 02.05.2016 – 30.04.2017 жылдар аралығында Осакаров кентінің № 12 орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқардым.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдерінің 30 тармағына сәйкес 2017 жылғы мамыр айында Қарағанды облысы Осакаров ауданының Тельман ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Үйленген. 2 бала тәрбиелеп отыр.





