
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция генерал-майоры.
1998 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2005 жылы Қазақстан-Ресей университетін бітірген.
1998-2006 жылдары Қарағанды облысының ішкі істер органдарында анықтаушыдан бастап, ұйымдасқан қылмысты қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің маманы-жедел уәкіліне дейінгі лауазымдарда қызмет етті.
2006-2014 жылдары Қарағанды облысының Ішкі істер органдарында басшылық лауазымдарды атқарды.
2014-2019 жылдары Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасын, одан кейін Қарағанды қаласының полиция басқармасын басқарды.
2019-2022 жылдары Шахтинск қаласы полиция бөлімінің бастығы, Нұр-сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары және Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың қыркүйек айынан – Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы.



