
Өмірбаян
Махметова Қарлығаш Сапарқызы 1968 жылы 21 қарашада Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Голубовка ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Голубовка ауылындағы Абай атындағы орта мектепті бітірдім. 1986 жылы Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1989 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірдім. 2001 жылы Павлодар университетіне (ПАУ) түсіп, 2004 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолын 1989 жылдың тамыз айында бастап, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Голубовка ауылындағы Абай атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып тағайындалдым.
1991 жылдың тамыз айында Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ауылындағы Қарақұдық орта мектебіне мұғалім болып тағайындалдым.
2006 жылдың қыркүйегінде Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қарақұдық ауылының әкімі болып тағайындалдым.
2016 жылдың мамыр айында Қарағанды облысы Осакаров ауданы Тельман ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым.
2017 жылдың мамыр айында Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым.
Сайлау қорытындысы бойынша 2021 жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым, қазіргі уақытта осы қызметте жұмыс істеймін.
Отбасылық жағдайы: тұрмыстамын, қыз тәрбиелеп отырмын.





