Рысбаев Белес Нәштайұлы

    Төлеби аудандық мәслихатының депутаты

    Рысбаев Белес Нәштайұлы
    Депутат маслихата

    Рысбаев Белес Нәштайұлы

    Төлеби аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Рысбаев Белес Нәштайұлы

    1962 жылы 1 мамырда туылған

    Рысбаев Белес Нәштайұлы 1962 жылы 1 мамырда Төлеби ауданы, Көксәйек ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Ленгірдегі №2 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті, 1984 жылы Жамбыл гидромелиоративтік институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ленгірдегі №4 жылжымалы мехколонада бастап, учаске шебері, прораб, 1987 жылы «Шыментсельстрой-1» мекемесіне қарасты Ленгірдегі 1806 жылжымалы мехколонада инженер, 1988-1995 жылдар аралығында Тоғыс Шахтасы поселкесіндегі арнайы мекемеде шебер, прораб қызметтерін атқарды. 1995 жылдан бастап 2006 жылға дейін Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Еңбек-Шымкент-108» филиалы кәсіпорнында арнайы мекемеде істі болған азаматтарды жұмысқа тартты. 2006 жылы осы мемлекеттік кәсіпорын филиалының директоры қызметін атқарды. 2010 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. Белес Нәштайұлының елге сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, «Астанаға-10 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі әскеріне – 20 жыл», осы министрліктің «Қайсар» төсбелгілерімен облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және т.б марапатталған. Белес Нәштайұлы өнегелі отбасы иесі. Жары Гүлжәмиля екеуі өсірген ұл-қыздары жғары білім алып, халыққа қызмет етуде. Немерелерінің сүйікті атасы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері